Экотуризм Қазақстан қазынасын қампайта ала ма? Қандай мүмкіндіктер бар?

Қазақтың кең байтақ даласы Бозжыра, Шарын шатқалы, Алатау таулары, Ақсу қорығы, Бурабай, Көлсай көлдері, рухани-мәдени мұралар Айша бибі кесенесі, Ұлы Жібек Жолының іздері сынды табиғат пен адамзат дамуының куәгері болған ерекшеліктерге бай.  Бұл орындар табиғаттың тылсым кереметі ғана емес, тарих ізі. Ал, тарих әрдайым туризммен қатар жүруі қажет.

1727885572947713.jpeg

(Сурет: Егеман Қазақстан гәзетінен алынды)

Соңғы уақыттарды әлемде экологиялық туризмнің танымалдылығы артып, бұл тенденция бізді де бей жай қалдырмады. Экологиялық туризм – бұл табиғатты қорғауға және экожүйелерді сақтап қалуға бағытталған туризмнің түрі.

Қазақстан – аумағында 12 ұлттық парк, 10 қорық, 2 биосфералық резерват және мыңдаған табиғи ескерткіштер бар. Мысалы, Алтай, Жетісу, Каспий теңізі және Балқаш көлі. Оған қоса, байтақ даламызда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер түрлері, соның ішінде Тянь-Шань тасбақасы, ақбөкен сынды жануарлар да бар. Қазақстанның жерінде тас ғасырынан бергі түрлі мәдениеттердің іздері мен қоса көшпенді мәдениетті сипаттайтын этноауылдар мен әлемдік алып таулардың тізбектесі Алатаудың бір өзі экологиялық туризмді дамытуға бірден-бір себеп іспеттес.

Бүгінгі таңда, экологиялық туризмді дамыту және оны жастар арасында кеңінен насихаттау жұмыстары қарқынды жүруде. Оның дәлелі, жастар арасында өз жерімізде саяхаттаушылар санының күннен күнге артуымен, туристтердің арасында экомәдениеттің қалыптасқанына куә болып жатырмыз.

Мемлекет тарапынан экологиялық туризмді дамытуға бағытталған түрлі жобалар да. Мысалы, туристтер үшін экологиялық маршруттар мен лагерьлер ұйымдастырылып, қолайлы жағдайлар жасалған туристік орталықтар ашылған. Сонымен қатар, туристтік орындар орналасқан аймақтарда жол жөндеу жұмыстары да атқарылуда. Сонымен қатар, жастар арасында экотуризмді насихаттау мақсатында жаппай сенбіліктер мен экологиялық акциялар ұйымдастырылуда.

Экологиялық туризмді дамыту Қазақстанға экономикалық жағынан тиімді. Өйткені мәдени ошақтар көбіне ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл аймақтар экологиялық парктер ашу табиғатты қорғап қана қоймай, қарапайым халық үшін жаңа жұмыс орындары болып табылады. Бұл сонымен қатар, шағын бизнес пен кәсіпкерліктің дамуына ықпалын тигізері сөзсіз.

Қазақстан экологиялық туризмді дамыту үшін кең мүмкіндіктерге ие. Табиғи ресурстар мен мәдени мұраның байлығы экологиялық туризмнің еліміздің экономикасы мен экологиясына оң әсерін тигізуге ықпал етеді. Экологиялық туризмнің дамуымен бірге Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджі нығайып, экосистемаларды қорғау мен тұрақты даму мақсаттары жүзеге асырылады. Қазақстандықтар мен шетелдік туристер үшін экологиялық туризм жаңа ашылулар мен тәжірибелерге жол аша отырып, табиғатпен байланыста болу мүмкіндігін ұсына алады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар