Қауіпсіздік және тиімділік: Атом саласының ардагері не дейді?

«МАЭК» энергокомбинатының еңбек ардагері Михаил Алымов АЭС-тің айқын басымдығы - ауаға  зиянды қалдықтар бөлмейтін қоршаған ортаға қауіпсіздігі екенін айтады.  Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

1727942788141115.jpg

(Сурет спикердің мұрағатынан алынды)

Спикердің айтуынша, атом электр станциялары - қазіргі әлемдегі электр қуатының бірден-бір тұрақты көзі. АЭС көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігінде шешуші рөл атқарады.

- Бүгінгі таңда энергия өндірудің ең оңтайлы тәсілі - атом қуатын игеру. Өйткені, АЭС экологиялық таза қуат, сондай-ақ адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпсіздігі сияқты артықшылықтарға ие. АЭС атмосфераға метан, көмірқышқыл газы және өзге де қалдықтар бөлмейді. Реакторлық қондырғыдағы сұйық радиоактивті қалдықтар бетон жабындысы төселген арнайы орындарда сақталады, - дейді Михаил Алымов.

Атом саласының ардагері «МАЭК» кәсіпорынын қайта жаңғырту маңызына тоқталды.

- Әрине, БН-350 реакторлық қондырғысының құрылысы өз уақытында атом өнеркәсібінің дамуына серпін берді. Мұндай реакторлардың айналасында бүкіл құрылым ұйымдастырылды. МАЭК қатар қала құраушы кәсіпорын еді.

Маңғыстауда атом реакторы болмаса, «КазАзот» та, пластмасса зауыты да, мұнай өнеркәсібі да өрістемес еді. Былтыр электр қуатымен жабдықтау желілерінің істен шығуы мұнайшылардың және олармен бірге бүкіл мемлекеттің шығынға ұшырауына себеп болды. Бір ай бойы кен орындары электр қуатынсыз тұралап тұрды. Сондықтан мұндай жағдайлардан шығудың жолы тек атом электр станциясының құрылысы болуы мүмкін, әсіресе Қазақстанда газ, көлік құрастыру және басқаларын қоса алғанда, энергия тұтынатын өндірістердің құрылысына байланысты көптеген жобаларды іске асыру жоспарлануда, - деп қорытындылады өз сөзін Михаил Алымов.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар