102 жастағы кейуана дауыс берді

Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп, таңдауын жасады.

1728190745672441.jpg

(Сурет Панфилов аудандық әкімдігінен алынды)

12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады.

– Жасым 102-ге келді. Мен референдумда Президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергенмін. Бүгін міне тағы да келдім. Бүгінгі маңызды күнде дауысымыздың аса құнды, пікіріміздің алтыннан қымбат екендігін ұмытпасақ игі еді. Себебі халық мемлекеттің басты қозғаушы күші, – деп кейуана батасын берді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар