Отбасымызбен референдумға қатыстық. Мен үшін бес жасар ұлыма дауыс берудің қалай өтетінін көрсету маңызды еді.
(Сурет А.Аймағамбетовтың желідегі парақшасынан алынды)
Оның біздің әрбір қадамымызға деген балалық қызығушылығы мен ынтасы ойландырды: болашақ – біз бүгін не үшін дауыс беріп жатқанымызға ғана байланысты емес, балаларымызды осы процеске қалай баулитынымызда, қандай құндылықтар беретінімізде. Дауыс беру – жай ғана әрекет емес, бұл жауапкершілік пен қатысу мәдениеті.
Біз қатысу мәдениетін, саяси мәдениетті дамыту туралы жиі айтамыз, ал саяси мәдениет осындай дауыс беру рәсіміне қатысу арқылы қалыптасады.
Дауысқа шығарылған сұрақпен келісу-келіспеуімізге қарамастан, біздің қатысуымыз, дауыс беру учаскесіне барып, дауыс беруіміз – бұл тек біздің құқығымыз ғана емес, ол біздің күшіміз екенін түсінгеніміз абзал.
Асхат Аймағамбетов
ҚР Мәжілісінің депутаты
Mezgil.kz