Роза Рымбаева: «Бүгін барлық қазақстандықтар үшін тарихи күн»

Алматыда атақты спортшы Ермахан Ибраимов референдумда дауыс бер үшін Мемлекеттік қуыршақ театрында орналасқан №361 сайлау учаскесіне келді. 

1728215137948644.jpg 

(Суреттер Алматы қаласы әкімдігінің сайтынан алынды)

«Референдумға қатыса отырып, мен өзімнің белсенді азаматтық ұстанымымды көрсетемін. Әрбір қазақстандықтың міндеті-бұл мәселеде шет қалмау деп санаймын», - деп атап өтті спортшы.

Қазақстанның халық әртісі, танымал эстрада әншісі Роза Рымбаева Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.

Әнші №17 мектеп-интернатта орналасқан №387 сайлау учаскесіне барды.

Роза Рымбаева іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, бүгін ел және әрбір қазақстандық үшін тарихи күн екенін атап өтті.

«Азаматтарымыздың референдумға қатысуы-Қазақстанның болашағын түсінудегі маңызды қадам. Бүгінде әрқайсымыздың өз ұстанымымызды білдіруге мүмкіндігіміз бар. Қарқынды өзгерістер жағдайында референдум қорытындысы бізге еліміздің қозғалысын дамыту векторын көрсетеді», - деді ол.

Қазақстандық ғалым, сыншы, әдебиеттанушы Қансейіт Әбдезұлы Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берді.

Ғалым Алматының Бостандық ауданында орналасқан М. В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясында орналасқан №291 учаскеге келіп, дауыс берді.

«Мемлекет басшысының бастамасымен бүгін Қазақстанда маңызды шара – АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп жатыр. Көптеген қазақстандық референдумға қатысып жатыр, мен де өз таңдауымды жасадым. Бұл шешімді жеке сенімім мен жинаған ақпаратқа сүйеніп қабылдадым. Еліміздің дамуын ілгерілететін, жақсырақ болатын жолды таңдау керек деп санаймын», – деді Қансейіт Әбдезұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №388 учаскеде дауыс берді. Алматылықтар өз учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар