ҚР ОСК: Дауыс берушілер көрсеткіші 57 пайыздан асты

ҚР Орталық сайлау комиссиясы референдумға келушілердің аралық қорытындыларын жариялапты. Ол бойынша: келушілер саны 57 пайыздан, дауыс берушілер саны 7 миллионнан асқан екен.

1728217678514662.jpeg

(Сурет ҚР ОСК сайтынан алынды)

Референдумға дейінгі дайындық пен үгіт-насхатқа аз ғана уақыт бөлінгеніне қарамастан, пікірталастар қызу жүргенін бәріміз көрдік.

Бүгін оншақты бақылаушы ұйымдар мен топтар өкілдері белсенді түрде бақылаушылық жасап жатыр.

Есім-сойлары елге белгілі адамдар да, түрлі сала өкілдері де, тіпті «дивнозавр» да келіп жатқанын желілерден көріп отырмыз. Кей жерлерде талас-тартыс, кей жерлерде «кәнсерт-той» болып өтіп жатыр. Десе де дауыс беру учаскелері қаңырап тұрған жоқ.

Референдумға дейін де ең қызу талқы, онан кейінгі АЭС жақтаушылары мен қарсылардың ашық дебаттары өтті. Солардың ең қызу өткені Алматыда. Нәтижесі. Кестеден де көрініп тұр ғой. Ал ақырғы нәтижені кейінірек көре жатармыз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар