Бүгінгі таңда елімізде мемлекет тарапынан жастарға ұсынылып отырған мүмкіндіктердің саны артып отырғаны мәлім. Соның бірі, бір мақсатты көздеген жастар ұйымдарының санының артуы.
Алматы қаласының өзінде жүздеген қоғамдық бірлестіктер жастар саясатын дамытумен айналысып келеді.
2016 жылдан бері Алматыда жастарға арналған түрлі жобаларды жүзеге асырып келе жатқан «Жастар Үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Базарбай Асет Миратұлы: «Біздің ұйымның қызметкерлерінің басым көпшілігі жастар. Мемлекет тарапынан түрлі әлеуметтік жобаларға қолдау күннен күнге артуда.
Бұл жобалардың басты мақсаты жастарды әлеуметтендіру, олардың бос уақытын тиімді пайдалану. Сонымен қоса, жастар арасында ұлттық құндылығымызды арттыруды көздейтін шаралар да жеткілікті. Қазір ұйым «Еңбек адамы» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның аты айтып тұрғандай, адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбек жолын жастарға насихаттай отырып, түрлі кәсіп мамандарын ынталандыру, олардың ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегінің қарымын қайтаруды мақсат тұтады. Дәл осындай қарқында жастарды қолдау адымдап ілгерілейтін болса, онда келешекте ту көтерген жастардың саны көп болары сөзсіз», - дейді.
Мағжан сенген жастарды қолдаған мемлекеттік саясаттың әлі де дами түсетініне сенім мол!
Mezgil.kz