Қызметкердің құқығын қорғау мемлекет мүддесінде. Осы мақсатты көздеп барлық мекемеде қызметкерлер кәсіподағы ұйымдары құрылып, өз жұмысын атқарып келеді.
(Сурет Жас Алаш гәзетінен алынды)
Атап айтса, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Жанар Тілекова кәсіподақ ұйымы туралы өз пікірін білдірді.
«Ай сайын кәсіподақ ұйымына айлығымыздың бір пайыз мөлшерінде қаржы құямыз. Есесіне жылына бір рет санаторийде демалуға тегін жолдама аламыз. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік мейрамдарда да сыйлық алып отырамыз. Мысалы, Жаңа жылда балаларыма арнайы сыйлықтар, 8 наурызда гүл шоқтары, ұжымдық тимбилдингтерге де қатысамыз. Мұндай шаралар жұмысқа жаңа шабытпен келуге ынталандырады» - дейді.
Ия, расында елімізде қызметкерлердің арасында «ұжымдық этика» ұғымы қарқынды түрде қалыптасып келеді. Ұжымдық этиканы қалыптастырушы шаралардың маңыздысы ол тимбилдингтер. Тимбилдингтер ұйымдастыру арқылы жұмыс беруші қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын дамытып, жұмыс өнімділігін арттырады. Бұл әлбетте, жұмыссыздықтың алдын алады.
Қорыта келе, кәсіподақ ұйымдарының жұмысы орасан зор екеніне көз жеткіздік. Қызметкер құқығын қорғап жүрген кәсіподақ қызметкерлерінің еңбегі жемісті болғай!
Mezgil.kz