Азаматтық қоғам әлеуметтік топтардың ең жақсысы. Азаматтық қоғамды құраушылар – халқының қамын жеген белсенді азаматтар.
(Сурет Араша сайтынан алынды)
Еліміздің тарихында түрлі келеңсіз оқиғалар орын алғаны бәрімізге мәлім. Мысалы, наурыз-сәуір айларында алапат су тасқыны орын алып, еліміздің бірқатар елді мекендерінде халықтың жағдайы күрт төмендеді.
Бұл жағымсыз жайттың салдарын жоюға азаматтық қоғам белсене ат салысты. Еліміздің су тасқынына ұшырамаған барлық аймақтарында белсенді топтар бігіріп, жылу жинады. Біріге көтерген жүк жеңіл демекші, еріктілерден құралған азаматтық белсенді топтар, қажетті құрал-жабдықтар, азық-түліктер мен дәрі-дәрмектерді су тасқыны орын алған аймақтарға жеткізді.
Жапа шеккен халықты материалды және моральды тұрғыдан барынша қолдап, ел үшін аянбай етті. Осы сынды қоғамда түрлі көріністерді күнделікті байқаймыз. Бұл елімізде азаматтық қоғамның белсенді екенінің анық көрінісі.
Жалпы алғанда, кез келген қоғамда азаматтық белсенділіктің маңызы өте зор. Себебі, мемлекет қоғамнан құралады. Ал қоғам – ол халық.
Азаматтық қоғамның белсенділігі, ол әр азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінен құралады. Елім деген азаматтарымыздың саны арта берсін!
Mezgil.kz