Өрт – айтып келмейтін тілсіз жау. Өрттің шығуы кез келген оқыс оқиғадан орын алуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігінен сақтану барлық азаматтың жеке жауапкершілігінде.
(Сурет Мәлім сайтынан алынды)
Өрт сөндіруші Михаил Лаварев: «Өрттен қорғану әркімнің өз жеке жауапкершілігіндегі мәселе. Табиғат аясында демалуға барғанда ошақты сөндіріп кету, артық қоқыстарды артынан тазалап кету сынды қарапайым іс-әрекеттер ормандар мен ағаштардың өртеніп кетуінен сақтайды. Біздің бригадаға келіп түскен қоңыраулардың басым көпшілігі шоғы өшпей қалған салдарынан болған өртке байланысты. Бұл халықтың өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарауынан шығады», - дейді.
Ия, қарапайым амал алапат өрттен аман алып қалады. Сонымен өрт қауіпсіздігін сақтанудың шарттарын айта кетсек, жеңіл тұтанатын материалдары ашық оттан алыс ұстау, сіріңке сынды тұтандырғыш құрылғыларды балалардың қолы жетпейтін орындарда ұстау қажет. Осындай әрекеттердің арқасында өзімізді және отбасымызды өрттен сақтап қала аламыз.
Mezgil.kz