Метереология мамандары: Біздің жұмыста демалыс деген ұғым жоқ!

Аспан денелерінің орналасуына қарап байырғы заманнан бері дана халқымыз ауа – райын болжаған. Бүгінгі таңда машақаты мол бұл саланың ауыр жүгін метереолог мамандар арқалап келеді.

1729593398102025.jpeg

(Сурет әлеуметтік желіден алынды)

Елімізде метереология мамандарын даярлайтын бірнеше жоғары оқу орындары бар. Мемлекет тарапынан бұл мамандыққа арнлаған білім беру бағдарламалары да бар.

Ал енді метеоролог деген кім? Метереолог - ауа райы болжамдарын жасау үшін метеорологиялық деректерді жинап, оларды талдап, халыққа дәл болжамдарыды ұсынатын мамандар.

Машақатты саланың маманы Алуа Батиқызы өз саласы туралы: «Біздің жұмысты халық күнделікті теледидар мен телефондарындағы қосымшалар арқылы көріп бағалайды. Дамыған технологиялардың көмегімен бүгінгі таңда біз 85-97 пайыз дәлдікпен ауа-райын болжаумен айналысамыз. Синоптиктердің жұмысын халық арасында аспанға қарап айта салу деген жаңсақ пікірлер бар, алайда ауа-райын болжау үлкен математикалық есептеулер мен талдауларды қажет етеді. Сол себепті, екінің бірі метереолог мамандығын бітіргенімен, синоптик болып қызмет атқаруға келгенде ұзақ ойланатыны сөзсіз. Өйткені біздің жұмыста демалыс, мейрам күндері деген ұғым жоқ. 24/7 жұмыс режимі деген бізге арналған шығар», - деп синоптиктердің жұмысының ауырлығы туралы атап өтті.

Әр саланың өз қиындығы бары сөзсіз. Бірақ, халықтың ертеңгі күнін жоспарлауда басты фактор ауа-райын болжайтын мамандардың еңбегін ел болып бағалаймыз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар