Құтқарушы – қауіпті, әрі сауабы мол мамандық. Бұл салаға өз өмірін арнауға әркімнің де батылы жете бермейді.
(Сурет Айқын гәзетінен алынды)
Адамның күнделікті өмірі түрлі қауіпке толы. Ал қауіп келгенде бірден ойымызға 112 нөмірін теру келеді. Тұтқаның ар жағында өмірін қауіппен ұштастырған батыл азаматтар әрдайым қасқайып тұрады.
Сондай азаматтардың бірі Айбек Молдашов. Айбек бұл мамандыққа әкесінің ізін қуып келгенін айтты. Айбектің айтуынша, әкесі Нұртуған құтқарушы болып қызмет атқарғанына 50 жыл болыпты. 50 жыл ішінде жүздеген жанның өмірін қатерден арашалап қалған. Жұмыста жүргенде өмірдің сондай қиын көріністерін көру арқылы, біз өзімізді шыңдаймыз дейді батыр жігіт.
Айбек небәрі 30 жаста. Алайда бүгінде ол қирандылардың ортасынан, таудағы өрттен талай жанды алып шыққан екен.
«Құтқарушы болу батылдықты қажет етеді. Құтқарушы болып жүргеніме міне 5 жылдан аса уақыт өтті. Бірақ, тура 5 жыл бұрынғыдай күнделікті жұмысқа келген кезде адам өмірін құтқаруға үлгермей қалсам не болады деген қорқынышты үрей бойымда бар. Бірақ, кез келген істе әрекет жасауды тоқтатпау керек деген қағида маған рух береді дейді. Әріптестеріммен әрдайым физикалық денемізді шынықтырып, жарысып тұрамыз. Бұл бізді рухтаныдырып, жұмысқа деген ынтамызды ашады», - дейді құтқарушы Айбек Молдашов.
Нағыз батыл жүректі талап ететін адал мамандық иелерінің еңбегі орасан зор, мақтау мен мадаққа әбден лайық.
Mezgil.kz