Еріктілер әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға тырысады!

Қазақстанда еріктілік тарихы әзірге өте қысқа, елде еріктілікті дамытатын бірнеше ірі жобалар мен ұйымдар бар. Мәселен, 2005 жылы Қазақстанда «Жасыл ел» бағдарламасы кеңінен өрістетілді. 2010 жылдың деректері бойынша «Жасыл ел» жасақтарында республика бойынша 114 мыңнан астам адам болды. Бағдарламаға қатысушылар республика бойынша 28 млн. астам ағаш отырғызды, парктерде, темір жол және автомобиль жолдарының бойында жанарғыларды тазарту, көшеттер отырғызу бойынша жұмыстар жүргізді.

1729594442993054.jpg

(Сурет Ақиқат журналының сайтынан алынды)

Сондай-ақ Қазақстанда үш жылдан астам уақыт бойы Ұлттық еріктілер желісі жұмыс істейді. ҰЕЖ миссиясы еріктілік мәдениетін қалыптастыру және ҚР-да еріктілік қызметін дамыту болып табылады. ҰВЖ мақсаты ерікті бастамаларды толыққанды және үдемелі дамыту және азаматтық қоғамды дамыту болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтық қоғамның, үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері және Ұлттық волонтерлік желінің идеяларын ілгерілетуге мүдделі өзге де тұлғалар үшін волонтерлікке байланысты білім беру қызметтерін ұсыну сияқты міндеттерді шешу көзделеді. Сондай-ақ волонтерлік қозғалысты дамыту жөніндегі қызметке жаңа әдістер мен технологияларды енгізу және ерікті негізде ұлттық волонтерлік қызмет идеяларын ілгерілетуге мүдделі азаматтарға, үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымдарға, мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға жәрдемдесу мен көмек көрсету.

Ұлттық еріктілер желісі БҰҰ Еріктілер бағдарламасының, Қазақстанның Азаматтық Альянсының және ҚР еріктілер ұйымдарының еріктілер бастамаларын толыққанды әрі үдемелі дамыту және азаматтық қоғамды дамыту үшін қажетті бірыңғай бүкілқазақстандық еріктілер желісін құру жөніндегі бірлескен жобасы болып табылады.

Бұдан бұрын, атап айтсақ, 2008 жылы БҰҰ Еріктілер бағдарламасы мен құрылтайшысы Марғұлан Сейсембаев болып табылатын Seimar Social Fund қайырымдылық қорының бірлескен бастамасымен «SOS командасы» еріктілерді үйлестіру орталығының жұмысы басталды. Орталықтың қызметі еріктілердің күш-жігері арқылы әлеуметтік маңызы бар істерді іске асыруға бағытталған. Бүгінгі таңда орталық қандай да бір әлеуметтік мәселелерді тікелей шешуге бағытталған қолданбалы бағдарламалар мен еріктілермен жұмыс істейтін кәсіби кадрларды даярлауға бағытталған ресурстық бағдарламаларды іске асырылуда.

Жүргізілген бағалауға сәйкес «Komanda SOS» Еріктілер Үйлестіру Орталығы еріктілерінің, сондай-ақ 2009 жылдан бері іске асырылған бағдарламалардың экономикалық үлесі 220 млн. астам теңгені құрады, оның ішінде 2013 жылы 21 млн. теңгеге жетті.

Жастар еріктілер ұйымдарының арасында Еріктілер - құтқарушылар корпусы жұмыс істейді. Осы ұйымның мақсаты техногендік және табиғи сипаттағы зиянды және қауіпті факторлардың әсері жағдайында халықтың тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін арттыруда қоғамның күш-жігері мен мүмкіндіктерін шоғырландыру болып табылады.

Қазақстан еріктілерінің бастамашыл тобы Алматыдағы бірнеше балалар үйіне жетекшілік етеді, үйсіз жануарларға көмек көрсету, мұқтаж жандарға киім-кешек жинау, балалар үйінің түлектері мен емделуге мұқтаж адамдарға көмектеседі. Мысалы, жаңа жылдық акцияның қорытындысы бойынша еріктілер 693 700 теңге мен 320 АҚШ долларын жинап, барлық ақша балалар үйлерінде тұратын балаларға жұмсалды.

Қазақстандық «KARE-Забота» жануарларды қорғау қоғамдық қоры жануарларға деген жауапкершілікті қалыптастыруға және қоғамда адамгершілік пен барлық тіршілікке деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етеді. Алғашқы жылдары 300-ден астам еріктіні біріктірді.

Өткен жылы Жеңіс күніне орай «9М» еріктілер тобы жұмыс істеді, олар жалғызбасты және мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмектесті. Еріктілер ҰОС ардагерлеріне одан әрі қолдау көрсетеді.

Еріктілер әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға тырысады. Оның нәтижесінде оған қатысушылар командада жұмыс істеу тәжірибесін, түрлі іс-шараларға қатысу мүмкіндігін, қызықты адамдармен араласу мүмкіндігіне ие бола алады.

Волонтерлердің қызметі әртүрлі санаттарға бөлінеді. Мысалы, аумақты ерікті жинау, қоғамдық пайдалы іс-шараларды, қайырымдылық концерттерді ұйымдастыру, мүгедектерге, жетім балаларға, қарттарға әлеуметтік көмек көрсету, қоршаған орта мен жануарларды қорғау сияқты қоғамдық жұмыстарды бөліп атауымызға болады. Сондай-ақ, еріктілер қызметіне шетел мәдениетін таратушылармен қарым-қатынас жасау арқылы шет тілдерін үйрену жататындығын да естеріңізге сала кеткіміз келеді.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде әрі ел ішінде де, әрі шетелде де волонтерлік бағдарламаларға қатысу - мемлекеттік немесе қоғамдық секторда мансап құруға ұмтылатын адамдар үшін іс жүзінде қажеттілік болып табалатыны дау туғызбайды. Қазақстанда еріктілік - әзірше санаулы адамдардың таңдауы болып табылғанымен, бірақ еріктілікке қатысты өзгерістер қазірдің өзінде қылаң беру үстінде және таяу болашақта оның көкжиегі бүгінгіден де артта түсетіндігі өте айқын бола түседі.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар