Ауыл шаруашылығы министрлігі «2024-2028 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі» Қуатты АӨК «ұлттық жобасын бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындап ауыл еңбеккерлерін бір қуантып тастадыды. Жоба президенттің бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленгенін осы орайда айта кетпекпіз.
(Сурет Егемен Қазақстан гәзетінен алынды)
2024-2028 жылдарға арналған «Қуатты АӨК» ұлттық жобасында төмендегідей шараларды іске асыру көзделген. Енді соларды санамалай кетейік:
2028 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін екі есеге - 17 трлн теңгеге дейін ұлғайту; ауыл шаруашылығы техникасын жылына 8-10% -ға дейін жаңарту; еңбек өнімділігін екі есеге - 9,1 млн. теңгеге дейін арттыру; АӨК өнімдерінің экспортын екі есеге - 10 млрд, АҚШ долларына дейін ұлғайту; ауыл шаруашылығына инвестициялар ағынын 3,3 есе - 3,2 трлн теңгеге дейін ұлғайту; қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін (сүт, ет, майлы дақылдар тұқымы, күріш, жүгері, қарақұмық) 70% -ға дейін ұлғайту ауыл фермерлері қолға алатын үлкен міндет пен борыш болып жүктеліп отыр.
Ұлттық жоба егіс алаңдарының құрылымын жеделдетіп әртараптандыру және агротехнологияларды енгізуді ынталандыру және АӨК-де басым инвестициялық жобаларды іске асыру сынды екі міндетті шешуі тиіс. Бұдан бөлек, ұлттық өндіреушілерді мемлекеттік қолдау мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру жүзеге асырылатын болады.
Аталған міндеттерге қол жеткізу үшін Ұлттық жобада бес жылға 10,5 трлн теңге қайтарымды қаражат қарастырылған, ол көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен несиелеуге, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингіне, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
Бұдан басқа, 2024-2028 жылдар аралығында субсидиялар көлемі 432,9 млрд теңгеден 882,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұдан басқа, бес жылда бюджеттен тыс 3,8 трлн теңге көлемінде қаражат тарту жоспарланып отыр.
Mezgil.kz