Бүгінде «Ауыл аманаты» жобасын 2023 жылғы жүзеге асырылуы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.
(Сурет inkaraganda.kz сайтынан алынды)
Бүгінгі таңда 80 млрд теңге сомасына жылдық 2,5% -бен 12,7 мың шағын несие берілді. Ауылды дамыту мәселелері мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Осыған байланысты партия екі жоба - «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» жобасын әзірлеп ұсынған болатын. Осы екі жобада қазақ қоғамында кеңінен қолдау тапты. «Ауыл аманаты» жобасы - ауыл дамуының жаңа драйвері болып табылатын да жасырын емес. Жалпы алғанда, осы қолға алынған жобалар негізінде қазақ биілгі 2029 жылға қарай олар 1 млн ауыл тұрғындарын қамтып, 350 мың жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырған жай бар.
«Ауыл аманаты» - бұл президенттің сайлауалды бағдарламасына енгізілген бірегей жоба. Ол ауыл тұрғындарының табыс деңгейін арттырудың нақты және түсінікті тетіктерін көздейді. Ең бастысы, жоба қаржы қаражатымен толығымен расталған. Біз жұмыстың бірінші жылының қорытындысы бойынша жобаның жеткілікті тиімділігін көріп отырмыз. "Ауыл аманаты" жобасын сапалы жүзеге асыру барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер үшін басым міндет болуы тиіс екндігі белгілі.
Мәселен, өткен жылы берілген несиелердің жалпы сомасының 43,9 млрд теңгесі Жамбыл және Түркістан облыстарына тиесілі болды. Дегенмен, бар болғаны 1 миллиардтан алған бірқатар облыстар бар. Сондай-ақ үкіметтің ірі ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға жеткілікті көңіл бөлетін уақыты келгекні де замана талабы болып табылады. Біз соны осы жобалардан көріп отырмыз. Атап айтар болсақ, Amanat партиясы жанындағы жобалық кеңсе өткен жылы 166 ауданда, 16 шағын қалада және 2260 ауылдық округте ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын дамыту үшін экономикалық мамандану мен әлеуетті анықтау үшін скрининг өткізді.
Болашақта осы бағытта жіберілген барлық кемшіліктерді ескеру қажет. Алдағы кезеңде жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жыл сайын кемінде 50 мың жұмыс орнын құру қажетігі туындап жатыр. Бұл қағаздағы әдемі цифрлар ғана болмауы тиіс. Ауылдағы жұмыссыздарды нақты және тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету маңызды екендігін түсінетін уақытымыз келді.
Amanat жоба бойынша қарыз беруді цифрландыру процесін жеделдетуді, мал сатып алу және техникамен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды, статистикалық деректерді бірыңғай стандартқа келтіруді, сондай-ақ кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді үкіметтен батыл талап ете бастады. «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру партия фракциясының ерекше бақылауында болады.
Mezgil.kz