Қазақтың айтыс өнерінің тарихы мыңжылдықтарға жалғасады...

Қазақ халқы байырғы заманнан бері сөз өнеріне шебер болған. Оның дәлелі мыңдаған жылдық тарихы бар – айтыс. Айтыс суырып салма ақындық пен домбыраның құлағында ойнайтын шеберлікті талап етеді. Бүгінде төл өнерімізді бүкіл әлем біледі, құрметтейді.

1729597636254679.jpg

(Сурет Қазақ радиосынан алынды)

Қазіргі таңда республикалық, халықаралық деңгейдегі айтыстар ұйымдастырылуда. Солардың бірі, «Менің пірім Сүйінбай» атты жас ақындардың айтысы биыл 8 рет дәстүрлі түрде өтті. Алатаудың баурайында жылда өтетін дүбірлі додаға қатысушылар саны 100-ге жуықтайды. Бұл айтыстың басты ерекшелігі тек жас айтыскер ақындардың қатысуында. Ақындар үшін бүгінде айтыс өнерінде шыңдайтын мектеп ретінде қалыптасқан доданың жүлде қоры да ауқымды.

Дәл осы сынды ондаған айтыстар жастар арасында өткізіліп келе жатқаны баршамызға мәлім. Бұл жердегі көзделетін басты мақсат жас ақындарды шыңдап, төл өнерімізді дәріптеу. Ақындарды ынталандыру арқылы айтыс өнерінің өшпей, қайта шарықтау шегіне жеткізу.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар