Елімізде ерікті болғысы келетін жастардың қатары күн санап артуда. Әсіресе пандемия кезінде еріктілік жан-жақты дамыған болатын.
2020 жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуімаен еріктілікке үлкен мән берілді. Президентіміз республиканың түкпір-түкпірінен жиналған ерікті жастармен кездескен болатын. Түркістан облысындағы «Жомарт жүрек» волонтерлік ұйымының жетекшісі Аида Рысқұлбек еріктілікпен айналысу, айналаңа мейірімділік пен қуаныш сыйлау дейді.
«Біз волонтерлік ұйымға «Жомарт жүрек» деп атау беруіміз тегін емес. Аты айтып тұрғандай айналасына көмек қолын созатын мейірімге толы жүрек. Біздің құрамдағы әр еріктнің елге пайдам тисе екен деген жалынды жүрегі. Қазір біздің құрамда 30-дан астам ерікті бар. Ұйымның алға қойған мақсаты мен жыл бойы атқаратын міндеттері бар. Сонымен қатар өз бағдарламасы бар. Біз ең алдымен облысымыздағы тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырамыз. Оларға азық -түлік себетін тарту етеміз. Одан бөлек ауылымыздың қарттарына қолғабыс тигіземіз. Жазда ауласын тазартып берсек, қыс мезгілінде қар тазалап береміз. Ерікті жастардың міндеті қоршаған ортаны таза ұстау. Біз осы мақсатта экологиялық акцияларды жиі ұйымдастырамыз», - деді Аида Рысқұлбек.
Бүгінде еліміз бойынша волонтерлік ұйымдардың саны көбеюде. Бұл еліміз үшін жомарт жүректердің әлі де көбейетінін көрсетеді.
Mezgil.kz