Отандық БАҚ- әрқашанда маңызды. Әсіресе қазіргі ақапараттық заманда мерзімді басылым болсын, радио мен телеарна, ақпараттық порталдардың қызметі қауырт. Бүгінде халыққа жаңалықтың жаршысы бола білген мерзімді басылымның да айтары мол. Әр басылымның ұстанымы, өзіндік стилі қалыптасады.
Біз Алматы облыстық «Алатау арайы» газзетінің бас редакторы Қуаныш Тұңғатар мырзадан басылымның жай- күйі жайында білген едік.
«Алатау арайы» газеті Алматы облысының қоғамдық-саяси газеті. Біз жаңа облыс болып Жетісу газетінен бөлініп шыққан басылымбыз. Жаңа болғанымызбен, тамырымыз тереңде. Газет аптасына 3 рет шығады. Облыстық газет болғаннан кейін аймақтағы саяси, әлеуметтік мәселелер көтеріледі. Одан бөлек Алматы облысының тыныс-тіршілігі әр ауданындағы жаңалықтар толығымен қамтылады. Қазіргі таңщда газетімізбен бірге, сайтымыз да жұмыс істеп тұр. Сайт бағыты қалыптасқан, күнделікті ақпараттардан хабардар етіп отырады. Әрине мерзімді басылым болғаннан кейін оқырман тарту, жарнама, тарату жұмыстары өз алдына. Оларды да бір жүйеге келтірудеміз. Ең бастысы басылым өзінің саяси-қоғамдық бағытын әлі де дамыта бермек. Қазір ғаламтор дамыған, ақпараттардың барлығы әлеуметтік желіге лезде жарияланады. Бірақ газет маңызды. Газеттің өз оқырманы бар. Әлі де бола береді деген үміттемін»,- деді Қуаныш Тұңғатар.
Mezgil.kz