Президенттік жастар кадр резерві – мемлекетіміздің дамуына үлес қосқысы келетін жастарымызға мол мүмкіндік. Жобаның іріктеуінен сүрінбей өткен жастарымыз бүгінде мемлекеттік қызметте жемісті жұмыс істеуде.
Біз Астана қаласында мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқан Президенттік жастар кадрлық резервіне енген Мақсұтбек Пірметовпен жоба жайында сұхбаттастық.
«Менің әкем мемлекеттік қыметкер болатын, әкеме қарап мен де осы салада жұмыс істесем деген арманым болды. Менің мамандығым мұғалім. 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Президенттік жастар кадрлық резерві жобасы жарияланды. Осы жобаға қатысып өз бағымды сынап көргім келді. Жобаның әр кезеңі мен үшін қызықты болды. Әр кезеңнен өткен сайын өзіңе деген сенім артады. Президенттік жастар кадрлық резервінің мақсаты-мемлекеттік қызметке жастарды тарту.
Оларды ел дамуының бір бөлшегі ету. Мен қазір бар мүмкіндіктерім мен жігерімді еліме берсем деймін. Сондықтан кадрлық резервке келгісі келетін жастарға бұл дұрыс қадам дегім келеді. Ең алдымен Президентіміз, одан кейін халқымыз бізге үлкен үміт артып отыр. Ел ертеңі жастар деп бекер айтылмаған, біз жастар елімізге өзіміздің қызметіміз арқылы зор үлес қоса аламыз», - деді Мақсұтбек Пірметов.
Mezgil.kz