Бір елдің ұлттық құндылықтарын насихаттау, оның ұлттық ойын түрлері мен спорттын құрметтеуден бастау алады десе, артық айтпаспыз.
(Сурет Спутник сайтынан алынды)
Қазақ халқының ұлттық ойындары бүгінгі таңда кеңінен насихатталып келеді.
Әр ұлттың өзіне тән ерекше спорт түрлері бар. Дамуында контрасты көп ұлтымызда түрлі спорт түрлері бар. Мысалы, палуандар арпалысқан қазақша күрес, білек күшін шыңдайтын гір тасын көтеру, қол күрес пен арқан тарту. Тек білек күшін емес ой жүйріктігін тексеретін тоғызқұмалақ пен асық ату сынды ойындар көп.
Сонымен қатар, түрлі жәрмеңкелерді халықтың көңілін аулау мақсатында ат үстінде ойнайтын да ойын түрлері бар. Мысалы, теңге ілу, аударыспақ, ат үстінде садақ ату, түйемен жамбы ату, қыз қуу сынды өзіндік мағынаға толы ойын түрлері де көп.
Айта берсе, ұлттық ойындардың ұлттық құндылықтарды насихаттауда алар орны ерекше. Ұлттық спорттың дамуы еліміздің келешегі үшін маңызды қадам.
Mezgil.kz