Жалпыадамзат тарихында «Бірлік» әрдайым өте жоғары бағаланды. Мемлекет пен онда тұратын халықтар арасында бірлігі болмаса, ол ел құрдымға түсіп, жер бетінен жойылып кетуіс де мүмкін. Тарихта мұндай мысалдар жетерлік.
(Сурет КХА сайтынан алынды)
Егер мемлекет пен онда тұратын халықтар арасында бірлігі болса, ондай елдің құдайы жарылқағаны. Біз өзіміздің туған Қазақстанымызды құдайы жарылқаған ел деп ауыз толтыра айта аламыз. Осы құдайдың жарылқауы арқаыснда Отанымыз үлкен жетістіктерге жетті, отандастарымыздың өмірді жақсарды, табыстары бұрынғыдан да арта түсті. Қазақстан тәуелсіздік жылдары бері бір отбасының баласындай өмір сүріп жатқан мемлекетті қаылптастыра алды.
Осының арқасында қазақ елі үлкен биіктерге жеттііп, табысты мемлекет құрып, өз халқының тұрмысын жақсарта білді. Бұның бәрі бір кездері қазақ елі соғыстан көз ашпаған екінші Ауғанстанға айналады деп ойлаған бүкіл әлем жұртшылығының кө алыднда өтті. Біздің отанымыз да, тағдырымыз да, жеріміз бір екен екені барша отандастарымыздың жүрегіне ұялады. Отандастарымыздың барлық ұмтылысы бір мақсатқа бағытталған: ол - мемлекетті күшті ету, ал халықты бақытты ету, адамдар өз болашағы мен балаларының болашағына сеніммен қарауына бір жеңнен қол бір жағадан жең шығар отырып, қол жеткізу.
2001 жылы Рим Папасы Иоанн Павел II өзінің сапары барысында Қазақстандағы ұлтаралық қатынастардың жай-күйіне жоғары баға берді.
2018 жылғы дерек бойынша Қазақстанда 29 республикалық, 75 өңірлік, сондай-ақ тіркелген 530 жергілікті этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Елдегі этномәдени бірлестіктердің жалпы саны - 1071.
Ассамблея құрылған уақытында ұлтаралық қатынастарды реттеу жөніндегі нағыз беделді қоғамдық институтқа айналды.
Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді. Түрлі әлеуметтік топтар арасындағы диалогтың арқасында Халық Ассамблеясы қақтығыстарды шешуге және этносаралық және дінаралық деңгейдегі қайшылықтарды реттеуге ықпал етеді. Осылайша, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің рөлі су тасқыны кезінде де, әдеттегі уақытта да қоғамдағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету үшін баға жетпес құндылыққа айна білді.
Mezgil.kz