Интеллектуалды ұлтқа айналу үшін қазақстандық патриотизмнің мәнін ұғыну маңызды!

Қазақ елінің аптал азаматы ретінде біздің мақтанарлық және қорғайтын ортақ құндылықтарымыз бар. Оған атап айтар болсақ, біздің достығымыз, бірлігіміз, тұрақтылығымыз жатады. Қазақ еліндегі бірлік пен береке әлемдік эталондарға айналып үлгерді десек, әсте артық айтқандығымыз емес. Қазақ жерінің қақ төрінде орын тепкен Астана тәуелсіздік жылдары әлемнің рухани Елордаларының біріне санала бастағны да қуанарлық дүниеміз.  Біздің қазіргі таңдағы өскелең жаңа буынымыз болашақта міндетті түрде жоғары интеллектуалды ұлтқа айналатындығына сеніміз өте зор.  

1729606314656016.jpg

(Сурет kisi.kz сайтынан алынды)

Жарқын болашақта міндетті түрде жоғары интеллектуалды ұлтқа айналу үшін қазақстандық патриотизмнің мәнін ұғынып, өз елі үшін бәсекеге қабілетті болуы тиіс азаматтардың санын артыруымпыз қажет.

Ең бастысы, бәріміздің де естен шығамауға тиісті нәрсеміз өзіміз Отанға, оның Тәуелсіздігіне қалай қарасақ, бауырымыздан шыққан біздің балаларымыз солай қарайтын болады. «Өз Отаныңның патриоты болу - Қазақстанды өз жүрегіңде алып жүру» деген қанатты сөз осы уақттың ішінде өмірге келді.

Заманымыздың заңғар қаламгер Олжас Сүлейменов: «Қазақстан, сен орасан зор - бес Франция - Лувровсыз, Монмартрсыз - саған күнәкар астаналардың барлық Бастилиялары сыйлады. Сен кішкентай картада үлкен қатерлікпен жүзіп жүрдің. Біз, қазақтар, осы жазалауда дүниеге келдік» деп орыс тілінде жырлағандай. Тағыдыр жазалауынан құтылған қазақтар өз мемлекетігін араға жүздеген жылдар салып қайыра иеленді.

1991 жылдың 6 желтоқсанында бүкіл Менделеев кестесін, ядролық полигондарды, ГУЛАГ лагерлерін қамтыған, әлемге өлмес батыр панфиловшыларды берген, миллиондаған тың игілерді құшақтап қабылдаған азапты қазақ жерінде алғашқы егеменді мемлекет құрылды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ғана емес, күнделікті өмірде де қазақстандық патриотизмнің қалай пайда болғанын жиі-жиі еске түсіріп отырған жөн. 1991 жылғы 130 этнос пен 46 конфессиясы бар посткеңестік Қазақстан КСРО империясының сынығынан патиротизмнің арқасында сүрінбей өтіп, өзінің бүгінгі қол жеткізген биігіне қонақтай алды десек еш артық айтпаймыз.

Егер қазақтар үшін Отанды таңдау мәселесі тұрған жоқ болса, онда КСРО-дан мұраға қалған өзге халықтардың қатарында көп ойлылық пен ел болшағына сенбеушілік көңіл ауаны орын алғаын да жасырын емес. Оның үстіне, көбі Қазақстанға өз еркімен келген еліміздегі көптеген этностарға осындай әрі сәрі кезде қазақтар ноқта ағалық таныта алыд.

Қазақ билігі осындай төтенше саяси және экономикалық жағдайларда республика халқын біртұтас ұлтқа топтастыру процесін титулды ұлттың арқасында жүзеге аысра алды. Сарапшылар атап өткендей, біздің тарихымызда қазақ билігі этникалық емес, азаматтық қағидасын жаңа ұлт құрудың негізіне қою білуі туралы шешімі баға жетпес рөл атқарды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар