Қазақ патиротизмі өте қарапайым қадамнан 1991 жылы еліміздің әлемнің қалыптасқан егемен мемлекеттерінің қатарына алшаңдай қосылуынан бастау алды.
(Сурет Егемен Қазақстан гәзетінен алынды)
Патриотизм ұғымының мән-мағынасы өте терең, айтып түсіндірілуі тым қиын таным-түсінікке ие. Отанды жан жүрегіңмен сезіну – қасиетті де, қастерлі сезім. Адам қай жерде болмасын, туған жерінің жұпар ауасын аңсаумен болады. Ал туған жерінің жұпар ауасын аңсаушылық Отанға деген сүйіспеншіліктің қуаты мен әлеуеттін арттырады. Оысндай рухпен араланған қуғындалған адамның жеке басы да өзін күшті сезінеді, оны морт сындыру әлдеқайда қиынға түседі. Қазақтар елін сүйменген жанның етегін кесіп елден қуғандығын осы орайда мысалға келтірсек те жетілікті.
1990 жылдары осындай етегі кесіліп елден қуылған жерлестеріміз болғаын жасырын емес. Олар Солтүстік көршімсізге барып, қазақ елі турасында түрлі сыпсың сөздерді таратқандары да өтірік емес. Тек қазақ жерінде тек өзін Қазақстанның патиротымын деп санайтын отандастарымыз ғана қалалып, бұлай айтуға ауызы бармйатындар қарасын жоғалтты. Отандық патриотизм - ерекше құбылыс, өйткені әңгіме Қазақстанда тұратын барлық этностары үшін ортақ Отанға деген көзқарас туралы болып отыр. Бұл, ең алдымен, Отанның жоғары мүдделерін қорғау. Қазір көптеген титулдық емес этностардың өкілдері, соның ішінде елдегі табысты және құрметті адамдар сол кезде «чемодандарда отырғанын» еске алады.
Отанға деген сүйіспеншілік өзінің табиғаты бойынша тым тылсымды құпия. Қандай да бір оқиғадан кейін кенеттен патриот болып кете алмайсың. Патриотизм санада біртіндеп қалыптасады. Бастапқыда ол отбасында және мектепте бала бойына сіңіріледі де, алайда тап осыған көптеген отбасылар кейбір жағдайда көп көңіл бөле бермейді. Патриотизм халықтың дәстүрлерімен және барлық өмір салтымен, қоғамның күш-жігерімен қалыптасады.
Патриотизм - өз елінің әнұранын жай ғана орындап, қоймай, өз заманыңның ұлттық қаһарманы болуға деген құлшыныстан тұрады. Патриотизм - бұл сенің Отаныңның, өз еліңнің игілігі үшін қиын жағдайларда, тағдыршешті сынақтар кезінде, оны қорғап, дәстүрлеріңді құрметтеп, заңдарды сақтай білуің. Өзінің ұлттық экономикасына, отандық өндірушілердің өсуіне қамқорлықсыз адамдардың өмірін жақсарту мүмкін емес. Өз тарихын, аға ұрпақтың ісі мен дәстүрін құрметтемейінше, моральдық тұрғыдан дені сау жастарды өсіру мүмкін емес.
Нағыз патриотизм - яғни тарихи қалыптасқан, сырттан әкелінбеген екі басты нәрсеге негізделген: Құдайға деген сүйіспеншілік пен Отанға деген сүйіспеншілік. Оның белгілі философ Иван Ильиннің анықтамасы осындай.
Бірақ Құдай мен Отан біз үшін біртұтас болғандықтан, еліміздің барлық азаматтары үшін әмбебап ұғым - қазақстандық патриотизмді жүрегіміздің түпкірінде қалыптастыруымызға еш кедергі жоқ.
Mezgil.kz