Жетісуда мектептік өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде

Биылғы жылы Жетісу облысы қоғамдық даму және білім басқармаларының ұйымдастыруымен оқушылар арасында мектеп парламентін дамытуға, білім алушылардың қоғамдық жұмыстарға араласуына, өз ойларын еркін және ашық айтуға, идеяларымен бөлісіп, жобаларын іске асыруға қолдау көрсету мақсатында арнайы жоба іске асырылды.

1732182653124911.jpg

(Суреттер Жетісу облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды)

Жетісу облысы оқушыларының белсенділігі қуантады. Ең алдымен өңір басшысы Б.Исабаевпен еркін форматта кездесіп, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өздерінің бірқатар жобаларына қолдау тапқан болатын. Сонымен қатар, облыс басшысының шешімімен мектеп парламентінің 1 өкілі, жас көшбасшы «Жастар мәселелері жөніндегі кеңеске» мүше болып енді.

Жоба аясында оқушылар арасында жазғы, қысқы лагерлер, оқыту курстары, семинар-тренингтер, интеллектуалдық ойындар және т.б. шаралар ұйымдастырылуда.

Қорытынды шаралардың бірі ретінде ағымдағы жылдың 13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында балалар-жасөспірімдер қозғалысы көшбасшыларының «Әрекет уақыты» облыстық балалар құрылтайы өтті.

Жетісу облысының барлық аудан, қалаларынан келген белсенді балалар, жасөспірімдер қозғалысының 100 өкілі оқушылардың өзін-өзі басқару, көшбасшылық, медиация, ғылым, өнер, спорт саласындағы білімдерін кеңейту үшін жиналды. Шарада мектеп парламенттерінің президенттері, пікірсайысшылар, мектеп министрлері, белсенді және шығармашылық тұлғалар, кез келген мақсатқа жетуге дайын көшбасшылығы басым жасөспірімдер қатысты.  

Облыстың 8 аудан 2 қаласын таныстырып келіп отырған Мектеп парламентінің президенттері және министрлері жеткен жетістіктерін көрмеге қойылған жұмыстары ретінде таныстырып көрсетті.

Облыстық құрылтай әрбір жастың өз дағдыларын көрсете алатын, өз идеяларын білдіре алатын және мектеп парламентінің дамуына үлес қоса алатын эксперименттерге толы бірегей алаңға айналды.

Дарынды жас көшбасшылар тренингтерге және кездесулерге қатысып, әртүрлі идеяларды талқылады, тәжірибе алмасты және бір-бірін жаңа жетістіктерге шабыттандырды.

Айта кететін жәйт, шараға қатысушы жастарға облыстық үш күндік қысқы лагерге жолдама берілді.

Құрылтайдың барлық қатысушыларына барлық ізгі армандары орындалып, болашақтары жарқын  болып, егеменді еліміздің білікті азаматтары болуын тілейміз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар