Лэд-экрандағы ту: Қылмыстық іс қозғалды...

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға екі күндік мемлекеттік сапармен келді. Мемлекеттік сапардың хаттамасына сәйкес Астана көшелеріне Ресейдің туы ілініп, лэд-экрандардан көрсетілді.


1732778289266173.jpg

(Сурет: Әлеуметтік желі скрині)

 

27-қарашаның кешінде әлеуметтік желіде Астанадағы лэд-экрандардың бірінде Ресей туының орнына Украина туы қойылған видео тарады. Аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ІІМ хабарлама таратты. Хабарламада былай делінген:

 

«Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады»,  - дейді.

 

ІІМ заң және тәртіп қағидатын мүлтіксіз орындау бойынша жұмысты жалғастыратынын айтқан.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар