Астанада уәкілетті органдар әкімдікпен бірлесіп, әсіресе жастар арасында есірткі қылмысына қарсы белсенді күрес жүргізуде. Жыл басынан бері қалада 400-ден астам есірткі қылмысы тіркелді.
(Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды)
Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
2024 жылдың 11 айында Астанада 407 есірткі қылмысы тіркелген, соның ішінде 285 өткізу фактісі, сондай-ақ есірткінің синтетикалық түрлерімен байланысты 621 есірткі құқық бұзушылық.
Заңсыз айналымнан 339 келі есірткі заттары, соның ішінде 20,8 келі «синтетика» тәркіленді.
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған республикалық кешенді жоспары және мемлекеттік органдар мен жұртшылық барынша тартылған «Астана – есірткісіз қала 2023-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында уәкілетті органдармен нашақорлықтың алдын алуға және есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шара жүргізілуде», - деді спикер.
Мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп құқық қорғау органдары 496 алдын алу іс-шараларын, соның ішінде акциялар, семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, кездесулер, спорттық турнирлер, конкурстар өткізді.
Mezgil.kz