Бензин бағасы: Қазақстан бағаны қалай төмен ұстап отыр және ол неге әкеп соғады? Бұл туралы «Обо всём, жёстко, но честно» телеграм арнасы жазды. Біз аталған материалды портал оқырмандарының талқысына ұсынғанды жөн санадық.
(Сурет: egemen.kz)
Кеше Мәскеуді аралап жүріп, «Роснефть» жанармай бекетіндегі бензин бағасын байқадым (бейнетүсірімді қараңыз).
Біз жыл сайын Ресейден бензин мен дизель отынын сатып алсақта, бірақ Қазақстанда бензин бағасы Ресейдің өзінен қалайша төмен?
Ресей бізге отынды нарықтағыдан төмен бағамен сатуы екіталай дүние. Демек, біз отынды Ресейден сатып алып, одан кейін айырмашылықты мемлекет есебінен жаба отырып, оны Қазақстанда сатамыз ба?
Басқа ТМД елдерінде және әлемде бензин бағасының қалай екенін ғаламторды шарлап байқастап көруге шешім қабылдадым. Міне, менің (GlobalPetrolPrices деректері бойынша) бар білгенім:
* Қазақстан: литріне 46,1 цент.
* Ресей: 58,6 цент.
* Беларусь: 74,5 цент.
* Қырғызстан: 82,5 цент.
* Өзбекстан: 99,5 цент.
* Армения: 1,33 доллар.
* Украина: 1,37 доллар.
* Литва: 1,51 доллар.
* Латвия: 1,60 доллар.
ТМД елдері арасында бензин Қазақстанға қарағанда тек Түркіменстанда ғана арзан. Өйткені, онда баға мемлекеттарапынан субсидияланады.
Салыстыру үшін, біздің қазақстандықтар қаты ұнататын Грузияда бір литр бензин 1,09 доллар, ал БАӘ-де - 68,1 цент тұрады.
Яғни - Қазақстан әлемдегі ең арзан бензині бар ел болып табылады.
Мен біздің азаматтар бұған не айтатынын білемін, біз мұнай өндіруші елміз ғой, демек, бензин бізде арзан болуы керек, бірақ Ресей бұл орайда бізден артық мұнай өндіреседе, ондағы баға бізге қарағанда 15% қымбат болып келеді. Араб Әмірліктері мұнайды бізден екі есе көп өндіресе де бензинді біздегіден 50% қымбат бағамен сатады. Бұл ретте олардағы мұнайдың өндірілуінің өзіндік құны бізге қарағанда 4 есе төмен және тұрғылықты халқы бізге қарағанда 20 есе аз.
Қазақстан өз ресурстарына қол жеткізуде өндіруші ел ретінде шынымен де басымдыққа ие. Бұл ішкі нарықта төмен бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді, бірақ қандай бағамен? деген сауал туындайды.
Әсіресе, қазір елдегі жағдай өзгеріп жатқанда, отын шығынының арта түсуі қалыпты жайт. Дегенмен зауыттар кеңестік кезеңнен берігі санмен қалып отыр. Яғни, бар-жоғы үшеу ғана, сондықтан да, әзірше отын жетіспеушілігін импорттаумен жабуып келеміз.
Біз сол себепті бензинді ғана емес, дизель отынын да, авиакеросинді де импорттатын елге айналып шыға келдік.
Мысалы, 2023 жылдың ақпан-мамыр айларында Қазақстан Ресейден «ҚазМұнайГаз» арқылы 148 665 тонна дизель отынын импорттап, ал тағы 150 000 тоннасын «ҚТЖ» сатып алуды тапсырды.
Нәтижесінде, ҚМГ ресейліктерден 58,6 центтен бензин сатып алып, литріне 46,1 центтен шығынға сатады, яғни шығын 20% -дан астамды құрайды..
Бұл тұрақты төмен бағаны ұстап тұруға мүмкіндік бергенімен, оның есесіне бюджеттен жабылатын үлкен шығынды қалыптастырады.
Бензин бағасының төмендігі - мемлекеттің зор еңбегі болып саналады. Қанша айтқанымызбен, тап мұндай тұрақтылықтың бағасы тым қымбат емес пе? Тіпті судың да сұрауы бар емес пе!?
Мен үнемі бюджет тапшылығы туралы қалам тербеп келемін. Бірақта егер біз дүниенің барлығын, түстеп түгендеп айтар болсақ, бензинді, несиелерді, ауыл шаруашылығын, азық-түлікті субсидиялайтын болсақ, онда қазақ үшін тапшы болатын нәрсе қалмай қалады ғой!?
Ең қызығы, еліміздің бас көтерер азаматтары мұны бағалай бермейді, оның себебі, олар субсидиялар туралы дымды да білмейді.
Егер мемлекет өз көршілерінен сатып алғандарын өзінің ішкі нарырығында тым арзанырақ сататын болса, әлемдегі кез-келген мемлекет ақыр соңында қарызданып қауғаланып қалатынын әзірше біздің елдегі ешкім де түсінбейді.
Иә, шығынды мемлекет бюджеті көтереді, бірақ ақыр соңында бұл шығын мемлекеттік қарыздың, яғни әрқайсымыздың қарызымыздың деңгейін арттырады.
Осы орайда қауашақ басымызға "Балаларымызға не қалдырамыз?" деген сұрақ сақ ете түседі. Бізден кейінгі қарыздары ма? деген сумаң ойдың құлағы қылтияды.
Mezgil.kz