Қазақстан футболындағы ең танымал есімдердің бірі, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) вице-президенті қызметіне тағайындалды.
(Сурет: instagram.com/kff_team)
Давид Лория кім?
Ол – футболшы мансабында «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Хальмстад» (Швеция), «Спартак-Нальчик» (Ресей), «Астана», «Ертіс», «Ризеспор» (Түркия), «Қайрат», «Каршияка» (Түркия), «Ордабасы» клубтарында ойнаған. Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізген. Мансабын аяқтағаннан кейін Давид Григорьевич «Астана» футбол клубында, Астана қаласының футбол федерациясында және Super Bol жобасында басшылық қызметтер атқарды және УЕФА бағдарламасы бойынша спортты басқару бойынша оқуддан өткен.
Тақырыпқа тұздық: 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып Марат Омаров таңдалды. Әуелде Давид Лория да президенттікке үміткер болған. Кейін ол өз кандидатурасын алған. Енді ол ҚФФ вице-президенті лауазымына болып тағайындалды.
Пікір: Аталған тағайындауға қатысты ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаровтың мына бір пікірін ұсынғанды жөн санадық.
(Сурет: Асқар Умаровтың желідегі парақшасынан алынды)
Асқар Омаров:
– Патриотизмді қолдан жасауға, алдын ала белгілеуге немесе акцияландыруға болмайды. Ол – анаға деген махаббат сияқты табиғи және шынайы!
Бұл суретте 2013 жылғы Түркия, футболдан ел чемпионаты. Атақты қазақстандық қақпашы Давид Лорияның «Ризерспор» сапында ойнайтынын білген жас студенттер жерлесіне қолдау көрсетуге келген. Олар өздерімен Қазақстанның туын әкелген. Ал Давид болса, үзіліс кезін күтіп, ең алдымен өз туына, мемлекетінің туына құрмет көрсетуге жүгірді. Содан кейін ғана ол жанкүйерлеріне барды. Мына шынайы фотоға қараңызшы. Жасандылық жоқ. Осындай қарапайымдылық пен шынайылық – патриотизміміздің негізі!
Mezgil.kz