Әлемде географиялық орналасуы бірнеше уақыт белдеуіне сәйкессе де бір ғана уақыт белдеуін пайдаланатын елдер бар.
(Сурет ulysmedia.kz сайтынан алынды)
1. Қытай – географиялық тұрғыдан 5 уақыт белдеуіне созылып жатыр, бірақ бүкіл елде тек Пекин уақыты (UTC+8) қолданылады.
2. Үндістан – бірнеше уақыт белдеуінде орналасқанына қарамастан, тек Үндістан стандарт уақыты (IST, UTC+5:30) қолданылады.
3. Аргентина – ел бірнеше уақыт белдеуіне жатса да, тек Аргентина уақыты (UTC-3) пайдаланылады.
4. Түркия – бұрын бірнеше уақыт белдеуі қолданылған, бірақ 2016 жылдан бастап жыл бойы UTC+3 тұрақты уақытын пайдаланады.
5. Сауд Арабиясы – Елдің аумағы бірнеше уақыт белдеуіне түссе де, тек Арабия стандарт уақыты (UTC+3) қолданылады.
6. Солтүстік Корея – бір ғана уақыт белдеуін (Пхеньян уақыты, UTC+9) пайдаланады.
7. Иран – елдің барлық аумағы Иран стандарт уақыты (UTC+3:30) бойынша жұмыс істейді.
Бұл елдер әкімшілік және экономикалық себептерге байланысты бүкіл аумағында бір ғана уақыт белдеуін қолданады.
Бұл тізімді бірнеше жылдан бері Қазақстан толықтырды. Биыл алғаш рет еліміз бір уақытта жаңа жылды қарсы алды. Енді аманшылық болса Наурызды да бір уақытта атап өтеміз деуге болады.
Бүгін Үкімет осы уақыт белдеуіне қатысты зерттеудің қорытындысын жариялады.
Қазақстан да жоғарыдағы елдер секілді экономикалық және саяси мақсатқа сай бір уақытта өмір сүруге тиіс. Бірыңғай уақыт белдеуі — бұл денсаулық қана емес, өңірлердің тиімді өзара іс - қимылы және ел бірлігінің алғышарттарының бірі.
Біртұтас мемлекет мүддесіне сай бірыңғай уақыт белдеуі - мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың және қоғамдық ұйымдардың неғұрлым тиімді жұмысына әкелетін практикалық шешім.
Дегенмен әр өңір өз ыңғайына қарай жұмыс уақытын бейімдеуге болатыны да айтылған бұған дейін. Бір қызығы дәл осы тәжірибе еліміздің бірнеше ауданында қолданылып келеді екен бүгінгі таңда.
Жазба авторы Ержан Жаубай
Mezgil.kz