Ақмола құрамасы ҚР VI қысқы Спартакиадасының Чемпионы атанды

Бүгін Ақмола облысының құрама командасы Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасында алғаш рет бірінші орынға шықты.


5460762613345552169.jpg

 

Төрт жылда бір рет өткізілетін бұл спорттық шара биыл Өскемен қаласында 8 ақпанда басталып, бірнеше қалада өтті. Әр өңірден келген спортшылар 13 спорт түрінен бақ сынады.

 

Ақмола облысының қоржынында 29 медаль, оның ішінде: 16 алтын,  9 күміс және 4 қола, екінші орынды Астана қаласының спортшылары иеленді, ал Қостанай облысы үшінші орыннан көрінді.

 

Айта кетейік, өткен спартакиадада облыс құрамасы үшінші орынды алған еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар