Алматыда жасыл желектерді биологиялық өңдеудің алғашқы кезеңі аяқталуға жақын

Алматы қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жасыл желектерді биологиялық өңдеудің алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Өңдеу жұмыстары 20 сәуірде басталып, 30 мамырға дейін жалғасады. Ғылыми қауымдастықтың ұсынысы бойынша алғашқы кезеңде емен ағаштарына төрт мәрте, теректерге екі мәрте өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

1748337445314889.jpg

(Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.)

Бұл шаралар ағаштардың жағдайын жақсарту, зиянкестер төзімділігін арттыру және қаладағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында ұйымдастырылуда.

Жиенбаев атындағы Ғылыми-зерттеу институтының бөлім басшысы Нұржан Мұхамадиевтің айтуынша, қолданылып жатқан препараттар мұқият іріктеліп, тәжірибе жүзінде өз тиімділігін дәлелдеген:“Қолданылып жатқан биологиялық құралдар тек зиянкестерге қарсы бағытталған және қалалық экожүйенің өзге элементтеріне қауіп төндірмейді. Бұл – экологиялық тұрғыда қауіпсіз әрі тиімді әдіс” – деп атап өтті ол.

1748337611129487.jpg

(Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.)

Бұған дейін хабарланғандай, өңдеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізіледі. Күн сәулесінің болмауы препараттардың баяу булануына әсер етіп, олардың зиянкестерге әсер ету мерзімін ұзартады.

Биылғы жылдың өңдеу жоспары жалпы пайдалану жерлеріндегі 2,3 миллион жасыл желекті қамтиды. Жұмыстар төрт кезең бойынша жүргізіледі және пестицидтерді өндіру мен қолдануға лицензиясы бар мердігер ұйымдар орындайды:

·         II кезең: 1 маусым – 30 маусым аралығы – екінші өңдеу;

·         III кезең: 5 шілде – 5 тамыз аралығы – үшінші өңдеу;

·         IV кезең: 15 тамыз – 20 қыркүйек аралығы – төртінші өңдеу.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Миржан Бағатиев өңдеуді жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті: “Біз барлық кезеңдерді ғалымдардың ұсынымдары мен климаттық ерекшеліктерді ескере отырып жоспарлаймыз. Басты мақсатымыз – қаланың жасыл қорын сақтап, нығайту және экологиялық тепе-теңдікті бұзбай жүзеге асыру”– деді ол.

Өңдеу жұмыстарына сертификатталған биологиялық, кей жағдайларда химиялық препараттар (П-4 қауіптілік класы) пайдаланылады. Олар еліміздің климаттық жағдайларын ескере отырып қолдануға рұқсат етілген, адамдарға, құстар мен жануарларға қауіпсіз.

 

#ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазажер #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар