Astana International Forumқатысушылары Қазақстан астанасына келе бастады. Бес мыңнан астам шетелдік қатысушы келеді деп күтіліп отыр. Олардың қатарында форумға қатысушылар,делегация жетекшілері мен компания басшылары, еріп жүретін тұлғалар мен 100-ден астам шетелдік БАҚ өкілдері бар.
(Сурет:https://t.me/astanaintlforum)
Форум ұйымдастырушыларының айтуынша,қонақтар қаланың 37 ірі қонақ үйіндегі нөмірлерге тапсырыс берген. Мәселен,2025 жылғы 26-31 мамыр аралығында 4 жұлдыз санатындағы қонақүйлердіңтолымдылығы 50-ден 90% - ға дейін, 5 жұлдыз санаты 90-нан 100%-ға дейін құрады.
Ақпарат үшін, 2024 жылдың ұқсаскезеңінде қонақ үйлердің толуы 4 жұлдыз санаты 30-дан 60%-ға дейін, 5 жұлдыз санаты 50-ден 60%-ға дейін көрсеткенболатын.
Айта кетейік, қалаға келетін іскер туристің орташа шығыны 177 мың теңгені, (тұру, тамақтану, такси, ойын-сауықжәне шопинг), ал тұрақтаудың орташа ұзақтығы 3 күнді құрайды.
Тек шетелдік қонақтардың келуі есебінен елорда мен ел экономикасы үшін іс-шарадан күтілетін мультипликативтікәсер 2,6 млрд теңгеден асады. Бұл Астана мен Қазақстанның экономикалық әлеуетін дамыту үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын растайды.
Астана халықаралық форумы 2025 жылғы29-30 мамыр күндері өтеді.
Іс-шараның бас серіктесі -"Самұрық – Қазына "ҰӘҚ" АҚ, бас демеушісі – "ERGКөмек" корпоративтік қоры, форумның ресми банкі - "Фридом Банк Қазақстан" АҚ. Бұған қоса, форумды қазақстандық ірі кәсіпорындар менкомпаниялар қолдады.
Mezgil.kz