Қателік құны – адам өмірі: ІІМ жауапсыздықтың салдарын көрсетті


Ішкі істер министрлігі тұрғындарды жауапкершілікке шақыру мақсатында әлеуметтік бейнеролик ұсынды. Polisia.kz хабарлауынша, роликтің басты кейіпкері — мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғыны. Ол жылдар бойы малын қараусыз жіберуді дағдыға айналдырған.

 1750485210167814.jpeg

(Сурет:https://polisia.kz/)


Жергілікті әкімдік тарапынан бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, қарт бұл талаптарды елемейді. Роликте оның кенже ұлы: «Әкімшілік бұл жолы соңғы ескерту жасады. Келесіде айыппұл салынады», — дейді. Алайда қарт мән бермей, жай ғана қолын бір сілтейді.

 

Сюжет соңында күтпеген қайғылы жағдай орын алады: қарттың үлкен ұлы ауылға келе жатып, жолға шығып кеткен жылқыны көлігімен қағып, жол апатына ұшырайды.

 

Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда жануарлардың қатысуымен 84 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 128 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

 

ІІМ жүргізушілер мен мал иелерін бірдей жауапкершілікке шақырып отыр. Ведомство әрбір бейқам әрекет немесе ереже бұзушылық алғашқыда болмашы көрінгенімен, арты орны толмас қайғыға ұласуы мүмкін екенін ескертеді.


Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар