Қазақстан ТМД елдері ішінде қонақүй броньдау бойынша көш бастады

2025 жылдың жазында ТМД елдері ішінде қонақүй броньдаудың ең жоғары өсімі Қазақстанда тіркелді. ТАСС-қа сілтеме жасаған зерттеу деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артқан.

 1758359976636118.jpg

(Сурет:https://osken-onir.kz/)


Жоғары өсім көрсеткен өзге елдер қатарында Армения (+55%), Грузия (+37%), Қырғызстан (+27%) және Өзбекстан (+16%) бар.

 

Ал Еуропалық бағыттар ішінде Франция көш бастады (+21%), одан кейін Испания (+15%) мен Италия (+5%) орналасқан.

 

Азияда қонақүй броньдау көрсеткішінің айтарлықтай өсуі Вьетнамда (+35%) және Мальдив аралдарында (+18%) байқалды.

 

Осылайша, Қазақстан ТМД кеңістігінде туризм өсімінің басты драйверіне айналса, Азия мен Еуропада ең танымал бағыттар қатарында Вьетнам мен Франция көш бастады.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар