Жауапты ұстаным: Қазақстанның жаһандық бастамалары

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық қауымдастықта жауапты әрі бейбітсүйгіш мемлекет ретінде танылды. Елдің сыртқы саясаты әрқашан өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталды. Осы жылдар ішінде Қазақстан әлемдік деңгейде бірқатар маңызды бастамаларды ұсынып, жаһандық тұрақтылыққа өз үлесін қосты.


gluster_2022_11_4_8ea21aba2b2caa353c53ab9e6fb20e97_original.518203.jpeg

 (Сурет qov.kz сайтынан алынды)


Қазақстанның ең танымал әрі тарихи бастамаларының бірі – ядролық қарусыздану идеясы болды. 1991 жылы еліміз Семей ядролық сынақ полигонын ресми түрде жапты. Бұл шешім – тек ұлттық деңгейдегі емес, бүкіл адамзаттың қауіпсіздігі үшін жасалған қадам болды. Осы бастаманың жалғасы ретінде, Қазақстан БҰҰ шешімімен 29 тамызды – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн етіп бекітті. Сонымен қатар, елдің бастамасымен Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы келісім қабылданды.

 

Еліміз Сирия мәселесіне арналған Астана процесі, Украина мен Ресей арасындағы дипломатиялық кездесулер, «Талибан» өкілдерімен келіссөздер, Армения мен Әзербайжан арасындағы келісім және БҰҰ форматындағы халықаралық форумдар өтті. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін тұрақты түрде өткізіп келеді.

 

Қазақстан экологиялық тұрақтылықты да жаһандық күн тәртібіне енгізген елдердің бірі. 2013 жылы елде «жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы» қабылданды. 2017 жылы Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен ұйымдастырылып, әлем елдерінің жасыл технологиялардағы инновацияларын паш етті. Бұл шара Қазақстанның экологиялық жауапкершілігін және тұрақты даму идеясын алға шығарды.

 

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің уақытша мүшесі болып (2017–2018 жж.), жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға тікелей атсалысты.

 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сынды құрылымдардың белсенді мүшесі ретінде, Қазақстан аймақтық тұрақтылыққа үлес қосып келеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар