Қазақстан сарбаздардың жан-жақты дамуына, толыққанды кәсіби жауынгер болуына ерекше мән береді. Сарбаздардың физикалық дайындығы, әскери техниканы меңгеруі өте маңызды. Сонымен бірге, психологиялық тұрғыдан да тұрақты болуына көңіл бөлінуде.

(Сурет baq.kz сайтынан алынды)
Қорғаныс министрлігі сарбаздардың психологиялық жағдайына мән беретін арнайы AI-sulu Telegram-ботын іске қосты. Бұл бот жасанды интеллект негізінде жасалған. Сервистің басты мақсаты сарбаздарға, олардың отбасы мүшелеріне тәулік бойы, үздіксіз негізде психологиялық кеңестер беріп, көмек көрсету болып табылады. Бот анонимді түрде жұмыс істейді және әр әскери маманның жеке басына қатысты құпиялықты сақтайды.
Әскери маман ең алдымен психологиялық тұрғыдан тұрақты болуы тиіс. Бұл алғышарт саналады. Психологиялық тұрғыдан көңіл-күйі тұрақты маман, дер кезінде тиімді шешімді қабылдай алады.
AI-sulu боты әлбетте тірі маманды алмастыра алмайды. Алайда алғашқы көмекті көрсетіп, нұсқаулық жасай алады. Бағыт-бағдар беріп, жол сілтейді. Бот аптасына 7 күн бойы, 24 сағат негізінде үздіксіз жұмыс істейді. Аталған бот қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетеді. Бұл психологқа барудан қашқақтайтын сарбаздар үшін қажет құрал.
Қазақстан әр сарбаздың психологиялық тұрақтылығына ерекше мән беруде. Бұл әскердегі сарбаздар арасындағы әлімжеттікті азайту, сарбаздардың психологиялық тұрғыдан сенімді болуы және әскери имиджін көтеру мақсатында іске асуда.
Mezgil.kz