Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында 100 пайыз нәтиже көрсетті

Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты.

 1762688465449499.jpg

(Сурет:https://t.me/oqu_agartu)


 Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды.

 

Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.

 

 Жоғары жас санаты (9-11 сынып):

 Мансур Мамадахунов – Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

 Алдияр Сейтбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

 Әли Еркебұланұлы – ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);

 Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).

 1762688522672936.jpg

(Сурет:https://t.me/oqu_agartu)


 Кіші жас санаты (7-8 сынып):

 Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);

 Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);

 Азамат Рахимбердиев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

 Ислам Ермуханов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).

 

 Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.

 

 Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар