Елімізде экологияны сақтау бойынша сана қалыптасып келеді. Бұл тұрғыдан игі бастамалар да жоқ емес. Семейдегі нөмір 51-ші мектепте дәл осындай бастама іске асуда.

Мектеп оқушылары оқушылары көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қасымов Ерасылдың жетекшілігімен бөтелке қақпақтарын қайта өңдеу бойынша ерекше эко-жобаны қолға алды.
Жоба аясында оқушылар өз қолдарымен бөтелкелерді сұрыптау жәшігі мен қоқыс контейнерлерін жасап шығарды. Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғауға, қайта өңдеудің маңызын түсінуге және табиғатқа жанашырлық танытуға бағытталған.
Мақсат – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалануға үйрету.
Mezgil.kz