Алматының Түрксіб ауданында 6100 оқушы орны мен балабақшада 260 орын ашылады


Түрксіб ауданында әлеуметтік инфрақұрылым дамып келеді. Білім беру мен денсаулық сақтау саласында бір мезетте 20-дан астам жоба жүзеге аспақ.

1763463062872559.jpg

(Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды)

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бақытжан Ақжаров биыл іске қосылатын және алдағы екі жылға жоспарланған жұмыстар туралы айтты.

Биыл аяқталған жобалар:

•             №59 мектеп-гимназиясының бөлімшесі қайта жаңартылды,

•             жатақханасы бар Телекоммуникация колледжінің құрылысы.

Жыл соңына дейін пайдалануға берілетіндер:

•             Time City, Парасат, Altyn City, Jeti Qazyna тұрғын үй кешенінде 6100 орындық 4 жаңа мектеп,

•             №50 мектептің сейсмикалық күшейтілуі,

•             ПК Қонаевта 260 орындық балабақша.

Жас-Қанат шағынауданында үлкен жоба — Шығармашылық дамыту орталығының құрылысы басталды.

2026 жылға арналған жобалар:

•             №170 мектепте 125 орындық қосымша ғимарат салынады,

•             №78 мектепті 450 орынға қайта жаңартады.

Сонымен қатар 6 үлкен білім беру нысанының жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр, оның ішінде:

•             №74, №89, №20 мектепте жаңа ғимараттар салу,

•             №142 және №84 мектепті жаңғырту,

•             Алтай, Әлмерек шағынауданы мен Огарев көшесінде балабақша жобалау.

Биыл Жұлдыз шағынауданындағы №20 емханаға күрделі жөндеу жүргізілді.

Жыл соңына дейін аяқталатын жобалар:

•             Айбасов көшесінде 200 адамға арналған амбулатория алынады,

•             №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімін жаңғыртады.

Намаганская көшесінде ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана салынады. Оның құрылысы келер жылдың тамызында бітпек.

Алты нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, оған мыналар кіреді:

•             200 адамға арналған 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория (РВ-90 және Әлмерек ш/а),

•             №24 қалалық емхана мен Фтизиопульмонология орталығы ғимараттары күрделі жөндеуден өтеді,

•             №8 қалалық клиникалық аурухананы жаңғыртады,

•             Қайрат шағынауданында 340 адамға арналған емхана салынады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар