11 желтоқсанда Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Д. Нағашыбекұлының ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесу өткізді.

(Сурет gvarta.com сайтынан алынды)
Іс-шара мазмұны 2025 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген негізгі бағыттармен өзара үндестік тапты. Жолдауда айтылғандай, жасанды интеллект экономиканың барлық саласына серпін беретін маңызды құрал ретінде қарастырылады.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығында цифрлық технологиялар мен деректерге негізделген шешімдердің маңызына назар аударылды. Егіншілік пен мал шаруашылығында жасанды интеллект элементтерін қолдану өнімділікті арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік беретіні айтылды. Ақылды жүйелер арқылы топырақ жағдайын талдау, ауа райын болжау, өнім көлемін нақты есептеу сынды мүмкіндіктер агросаланың тиімділігін жаңа деңгейге көтеретіні атап өтілді.
Жетісу облысы үшін ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі тіректерінің бірі. Өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи технологияларды енгізу жергілікті шаруашылықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады. Кездесуде Жетісу облысындағы аграрлық әлеует пен оны цифрлық трансформация арқылы дамыту мәселелері кеңінен қозғалды. Бұл өңірде инновациялық тәсілдерді пайдалану өнім сапасы мен нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде қарастырылды.
Сонымен қатар жасанды интеллекттің ауыл шаруашылығындағы табыстылықты арттырудағы рөлі талқыланды. Нақты деректерге сүйенген басқару шешімдері өндіріс үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін күшейтетіні айтылды. Кездесу аграрлық саладағы технологиялық жаңғырудың мәнін айқындап, жасанды интеллекттің ауыл шаруашылығын дамытудағы стратегиялық маңызын көрсететін мазмұнды алаңға айналды.
Mezgil.kz