Үкімет отырысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов толыққанды цифрландыру инфрақұрылымды дамытусыз мүмкін емес екенін атап өтті.

«2025 жылы облыста байланыс қолжетімділігі айтарлықтай жақсарды. Мобильді желі ауылдардың 98%-ын қамтып, тіпті шалғай аймақтарда да цифрлық сервистерге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етті. Интернетке облыстағы барлық 524 мектеп, оның ішінде 210 ауыл мектебі қосылған. Барлығы 325 жаңғыртылған базалық станция орнатылды», – деп баяндады Марат Ахметжанов.
Инвестиция тарту және заманауи телеком-жобаларды дамыту жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы инвесторлар өңірде 51 байланыс мұнарасын орнатты, оның 13-і Бурабай курорттық аймағында орналасқан.
Ақмола облысы бірегей шешімдерді енгізу алаңына айналды. Елде алғаш рет Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Beeline компаниясы Ақмола облысында Starlink Direct to Cell пилоттық жобасын сынақтан өткізді. Бұл технология байланыс жоқ аймақтарда мобильді байланысты тікелей спутник арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Mezgil.kz