Блоктық садақ атудан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды деп хабарлайды BasSport.kz-ке cілтеме жасап Mezgil.kz.

(Сурет bassport.kz сайтынан)
Қазақстан құрамасы Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізіп, алғаш рет блоктық садақ атудан алтын медаль жеңіп алды.
Финалда отандық садақшылар Үндістан құрамасынан 240:228 есебімен басым түсті. Ұлттық құрама сапында Ділмұхамед Мұса, Бунед Мирзаметов және Андрей Тютюн өнер көрсетті. Шешуші кезеңге дейін отандастарымыз 1/8 финалда Ирак құрамасын (234:225), ширек финалда Иран құрамасын (233:231), ал жартылай финалда Корея құрамасын (236:235) жеңді.
Айта кетейік, садақ атудан Азия чемпионаты 14 қарашада мәресіне жетеді. Жарысқа құрлықтың 29 елінен 207 спортшы қатысып жатыр.
Серіктес – Sport Qory спортты қолдау қоры.
Mezgil.kz