Алматы: Қаланы тазалау жұмыстары қардың салдары толық жойылғанға дейін жалғасады

Алматыда 16 қаңтардан бері толассыз қар жаууда. «Қазгидромет» болжамынша, бұл белсенділік 18 қаңтардың  таңына дейін жалғасады.  Бүгін таңғы 08:00-де қалада 15 сантиметрден астам қар түскен.

1768670041644253.jpg

(Сурет: bizmedia.kz)

Қар қалың түсуіне байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қала аудандары араланып, магистральды көшелер, аулалар мен қоғамдық көлік бағыттары бақылауға алынды. Жұмыстарға 2,8 мыңнан астам қызметкер мен 1 250 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Қозғалыс қауіпсіздігі үшін жолдарға алдын ала көктайғаққа қарсы реагенттер себіліп, 75 жедел бригада қауіпті учаскелерде жұмыс істеп жатыр. Түнгі уақытта қар сырып тазалау мен жаппай қар шығару жүргізілуде. Қала көшелерінен 3 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қаланы тазалау жұмыстары қардың салдары толық жойылғанға дейін жалғасады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар