Саяси жүйені қайта жүктеу: Президент реформаларының институционалдық өзегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Жұмыс тобының отырысы Қазақстандағы парламенттік реформаның терең әрі жүйелі сипатын айқындады. Алдағы конституциялық өзгерістер заң шығарушы биліктің институционалдық негізін қайта құруды ғана емес, тұтас мемлекеттік басқару архитектурасын жаңартуды көздейді. «ВТОРАЯ РЕСПУБЛИКА» қоғамдық қорының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Аян Түрекуловтың пікірінше, бұл реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын нақты іске асыруға бағытталған. Сарапшы ұсынылып отырған өзгерістер билік тармақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін күшейтіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға және «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын институционалдық деңгейде орнықтыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.


IMG_7888.JPG

 

– Жұмыс тобының отырысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Парламенттік реформаның алдағы барысын айқындайтын қандай негізгі шешімдер мен басымдықтарды атап өтер едіңіз?

 

– Алдағы парламенттік реформа аясында ең алдымен Жұмыс тобының жоспарланып отырған конституциялық өзгерістерді жедел әрі кешенді түрде пысықтауы назар аударады. Бұл – заң шығарушы биліктің институционалдық негізін ғана емес, еліміздің Негізгі заңын да тағдырлы деңгейде қайта жүктеуді білдіретін ауқымды өзгеріс.

 

Талқылау барысында Парламентті трансформациялауға қатысты конституциялық өзгерістердің ауқымды болатыны айтылды. Реформаның басты мәнін басқару жүйесінде қандай нақты өзгерістер арқылы сипаттар едіңіз?

 

– Менің ойымша, саяси реформаның негізгі өзегі – Мемлекет басшысының «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру. Бұл заң шығарушы, атқарушы және сот билігі арасындағы тежемелік пен тепе-теңдік жүйесін нақты іске қосу арқылы бірде-бір билік тармағының үстемдік етуіне жол бермейтін модель қалыптастыруды көздейді. Нағыз унитарлы мемлекет жағдайында бірпалаталы Парламент – қисынды әрі институционалдық тұрғыдан негізделген шешім.

 

– Өткен жылдың қазан айынан бері Жұмыс тобы жаңа Парламентке қатысты барлық мәселелерді қарастырды. Қай бағыттар ең күрделі әрі еңбекті көп қажет етті және не себепті?

 

– Сенатты Мәжіліске «қосу» үдерісін жай ғана біріктіру немесе сіңіру деп қабылдауға болмайды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бірпалаталы Парламентке көшу – жай арифметикалық қосу емес. Бұл – заң шығарушы биліктің сапалық әрі жүйелік тұрғыдан толық перезагрузкасы. Сондықтан депутаттар саны, өкілеттік мерзімі мен сайлау тәртібі сияқты мәселелер аса мұқият қаралды. Себебі реформаның табысты болуы дәл осы «детальдарға» тікелей байланысты.

 

– Президент түзетулер жобасын «мәні жағынан жаңа Конституция деуге болады» деп атап өтті. Құқықтық негізді осылайша терең жаңартудың қандай артықшылықтарын көріп отырсыз?

 

– Парламентті қайта жүктеу Негізгі заңға енгізілетін кешенді, «коверлік» түзетулер арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын бекітіп қана қоймай, ең алдымен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мен билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

– e-Otinish және eGov платформалары арқылы азаматтардан, партиялардан, ҮЕҰ, бизнес пен сарапшылар қауымынан ұсыныстар түсті. Бұл кері байланысты қалай бағалайсыз?

 

– Аталған платформалар арқылы шамамен 1,6 мыңға жуық ұсыныстың түсуі «Еститін мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асып жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл – Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 1-тармағында бекітілген азаматтардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысу құқығының практикалық көрінісі.

 

– Реформа үдерісінде Президент Тоқаевтың жеке рөлі қандай? Оның ұстанымы жұмыстың бағыты мен қарқынына қаншалықты әсер етеді?

 

– Конституцияның 44-бабында белгіленген өкілеттіктер аясында Мемлекет басшысының мызғымас саяси еркі мен біріктіруші рөлі Жұмыс тобының барлық мүшесіне жоғары қарқын мен нақты бағыт береді. Президенттің осы волюнтарлық импульсі саяси реформаның практикалық іске асуына шешуші ықпал етіп отыр.


Mezgil.kz

 

 

 



Ұқсас тақырыптар