«Халық үні» бақылаушылар тобы: Дауыс беру ашық, әділ өтуі тиіс!

15-наурыз күні референдум өтеді. Ел үшін маңызды саяси науқан қарсаңында бақылаушылар да белсенділігін арттыруда. Бүгін «Халық үні» бақылаушылар тобы алдағы референдумды бақылап, дауыс беру процесінің анық, әділ әрі таза өтуіне үлес қосатынын айтты.

1771942488241503.jpeg

(Сурет: Спикердің жеке мұрағатынан алынды)

Саясаттанушы Нұрболат Нышанбай «Халық үні» бақылаушылар тобын құрғанын мәлімдеді. Ол еліміздің бірнеше қаласында бақылаушыларды оқытып, алдағы референдумды бақыламақ.

Өзінің әлеумеғттік желісінде саясаттанушы былай деп жазды: «Үлкен саяси науқан келе жатыр. Референдум! Позиция білдірер сәт. Көзқарас айқындалатын тұс. Бізде өз ұстанымымызды білдіруді жөн көрдік. Біздің ұстаным – бақылаушы болу!

Саяси науқанда, сайлау сәттерінде түрлі заңбұзушылық болып тұрады. Оны көз көріп, құлақ естіген. Комиссия тарапынан хаттама көшірмесін бермеу, дауысты бұрмалау және басқа дегендей. Дауыс берушілер тарапынан да олқылықтар кездесіп жатады. Ал бақылаушының міндеті, сол сайлау процесінің заң талаптарына сай өтуін бақылау, заң бұзылған сәтте оны тіркеу.

Мақсат айқын, міндет анық. Өз бақылаушыларымыз отырған сайлау учаскелерінде дауыс берудің ашық, әділ өтуіне үлес қосу!» - дейді ол.

Нұрболат Нышанбай өзінің бастамасын қоғам белсенділері, саясаттанушылар қолдап отырғанын айтуда.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар