Нұрлан Әуесбаев: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығы қорғалады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, Ата Заңда отбасы мен неке ұғымдарының нақты айқындалуы – қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде бекітудің көрінісі. Жаңа Конституцияда неке, отбасы, ана, әке және баланың мемлекет қорғауында екені нақты көрсетілген. Бұл – отбасы тек әлеуметтік ұғым емес, мемлекеттің қорғауындағы маңызды институт екенін білдіреді.

 1772275082959043.jpeg

(Сурет: https://t.me/referendum_2026)

Сондай-ақ отбасына қатысты кез келген заң мен шешім ең алдымен отбасы мүддесін ескере отырып қабылданады. Бала құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу нормалары нақтыланды. Мемлекет бала мүддесін бірінші орынға қоюға міндеттеледі.

 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар