Логистика мен жүк тасымалдау: Қазақстанның ұлттық басымдығы өз нәтижесін беруде!

Президенттің жыл сайын ұлттық басым бағыттарды айқындауға бағытталған бастамалары өзінің оң нәтижесін беруде. Мемлекет басшысы саяси реформалар, экономикалық өзгерістер, ұлттық идеялар, парламенттік реформалар арқылы мемлекеттік құрылымды дамытып, ұлттық бағыттарға басымдық беруде.


TASS_39141474.jpg

 (Сурет iz.ru сайтынан алынды)


Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін стратегиялық бағамдау маңызды. Ал ол үшін ұлттық басым бағыттарды айқындау қажет. Қазақстанның ұлттық басым бағытының бірі – логистикалық жобалар болып тұр.

 

Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасы үшін маңызды тораптың бірі ретінде осыны атады. Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық жолы ретінде Қазақстан өзінің тауар тасымалдау әлеуетін күшейтуде. Шекаралық аймақта терминалдар санын арттырып, жүк сақтау қоймаларын көптеп салуда. Шекарада тексерісті жылдам әрі сапалы ету үшін арнайы технологиялармен жабдықтау күшейді. Теміржол желілерінің жаңа тораптарын салуда, ал елдің батысында порттардың аумағын ұлғайтып жатыр. Бұл жобалар арқылы ел экономикасына елеулі деңгейді қаржы құюға болады.

 

Жоба ауқымын кеңейту үшін, Қазақстан шетелдік компаниялардан және өзге ел үкіметтерінен инвестиция тартуда. Транскаспий бағытын дамыту мақсатында Қазақстан ЕО елдерімен де келісім жасасуда.

 

Ұлттық басым бағыттарды белгілеу мемлекеттік саясаттың жүйелілігін қамтамасыз етеді. Әлемдік тәжірибеде стратегиялық жоспарлау дамыған елдердің табысты басқару құралдарының бірі болып саналады. Қазақстанда соңғы жылдары қабылданған стратегиялық бағдарламалар экономиканың әртүрлі салаларын жаңғыртуға бағытталуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар