Гендерлік теңдік: Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысы...

Жуырда «Global Gender Gap Report» 2025 жылдың қорытынды нәтижелерін есептеп, арнайы рейтинг жариялады. Оған тізімделген 148 мемлекеттің ішінде Қазақстан гендерлік теңдік көрсеткіші бойынша 92-ші орынға жайғасқан. Бұл Орталық Азия географиялық аймағындағы көшбасшы көрсеткіш болып тұр.

1773231804593552.jpg

(Сурет: 365info.kz)

Дүниежүзілік гендерлік теңдік индексі (Global Gender Gap Index) ер мен әйеларасындағы теңдік деңгейін 4 негізгі бағыт бойынша бағалаған:

Бірінші – Экономикалық мүмкіндіктер.

Екінші – Білім алуға қолжетімділік.

Үшінші – Денсаулық жағдайы.

Төртінші – Саяси қызметпен қамтылуы көрсеткіші.

Айта кетейік, бұл зерттеу 2006 жылдан бастап жыл сайын жүргізіліп келе жатқан рейтингг. Ол сондай-ақ, әлемдік саясаттағы гендерлік теңдік көрсеткішін анықтайтын негізгі халықаралық индикаторларының бірі саналады.

Биыл жарияланған әлемдік рейтинг бойынша, әлемдік саясатта ер мен әйелдің арасындағы теңсіздік 68,8 пайызға жойылған. Соның ішінде денсаулық сақтау және білім беру салаларында гендерлік теңдік бойынша айтарлықтай ілгерулеу байқалады. Мысалы, жаһандық деңгейде білім берудегі ер мен әйел арасындағы алшақтық 95,1%-ға жойылса, ал денсаулық сақтау саласындағы алшақтық 96,2%-ға жойылған.

Жаһандық гентерлік теңдік рейтингінің көшбасшысы – Исландия. Бұл мемлекет осымен 16-шы жыл қатарынан көшбасшылықты ешкімге бермей тұр. Исландия тұтастай алғанда елдегі гендерлік алшақтықты 92,6 пайызға жойған.

Алғашқы ондықта: Финляндия, Норвегия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Швеция, Молдова, Намибия, Германия және Ирландия бар.

Ал Орталық Азия елдері жекелеген көрсеткіштер бойынша түрлі нәтижелер көрсеткен. Соның ішінде Қазақстан денсаулық пен өміршеңдік индексі бойынша жоғарғы көрсеткіштерге ие болған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар