Алматылықтар референдумда таңертеңнен бастап дауыс беруде

Бүгін сағат 7:00-ден бастап Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін республикалық референдумға арналған сайлау учаскелері ашылды.


WhatsApp Image 2026-03-15 at 07.51.57.jpeg

 (Фото Алматы қалалық әкімдігінен алынды)


Қала тұрғындары мен қонақтарының көпшілігі учаскелерге олардың жұмысы басталған алғашқы сағаттардан-ақ келді, ал кейбірі алдын ала келіп күтті. Дауыс берушілердің қатарында әртүрлі жастағы және түрлі мамандық иелері бар.

 

Кейбір алматылықтар жұмысқа барар жолда дауыс берсе, енді біреулері отбасы мүшелерімен бірге келді.

 

Учаскелік комиссия мүшелерінің айтуынша, дауыс берудің алғашқы сағаттары тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтуде.

 

Қаладағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беруге қажетті жағдайлар жасалған. Учаскелер белгіленген рәсімдерге сәйкес штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

 

Дауыс беру күні бойы жалғасады. Қорытынды нәтиже сайлау учаскелерінің жұмысы аяқталғаннан кейін шығарылады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар