Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше белсенділік танытуда. Еліміздің барлық өңіріндегі дауыс беру учаскелерінде өз азаматтық борышын өтеуге асыққан тұрғындардың кезегі байқалады.


WhatsApp Image 2026-03-15 at 07.51.59.jpeg

 

Айта кетейік, арнайы дайындық науқаны аясында барлық учаскелер үздіксіз жұмыс істеуге толықтай бейімделген болатын. Дауыс беру күні, яғни 15 наурызда, барлық учакелер есігін тура сағат 07:00-де айқара ашты.

 

Тіпті, ресми жұмыс уақыты басталмай жатып-ақ, алғашқылардың бірі болып дауыс бергісі келген азаматтар жинала бастаған. Алғашқы бір сағаттың ішінде бұл үрдіс тіпті күшейіп, қазіргі уақытта республиканың түкпір-түкпіріндегі учаскелерде адамдар легі артып отыр. Соған қарамастан, сайлау учаскелерінде көтеріңкі көңіл-күй мен достық ахуал орнаған.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар